19:00 Тікелей эфир «KÖREMIZ» бағдарламасы
20:00 Эфирде әрі қарай «ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ»

Көпбалалы мүгедектер отбасы далада қалды

Ай-күннің аманында баспанасыз қалған елордалық көпбалалы отбасы көмек сұрайды. Олардың үйін 3 жыл бойына су басып келген екен. Бірақ, басқа барар жері болмаған соң, жөндейтінді жөндеп, жамайтынды жамап, көшпей отыра берген. Алайда биыл үйдің қабырғасы жарылып, едендері шіріп, төбесі ортасынан опырылып құлады. Енді төрт баласы бар мүгедек отбасы далада қалып отыр. Мейірімді жандардың көмегіне зәру.

X