КӨПІР ҚАШАН САЛЫНАДЫ?
3 октября 2025
Ырғыз бен Торғай арасындағы бетбақ даланың жолына дейін Президенттің назарында. Ал Таразда жергілікті билік қала іргесіндегі станцияға жол төсеп, өткел салудың орынына көшенің атын ауыстырып әлек. Салдарынан әлеумет жедел жәрдем шақырса, мекен-жайды таба алмайды. Тапса көшеге кіре алмайды. Әсіресе жаңбыр жауып, қар түскенде көпірден өту өте қауіпті.







