«Көпірме есеп пен көзбояушылық». Үкіметтің кеңейтілген отырысында президенттің сынана қалған кімдер?
8 февраля 2022
Жалған есеп пен көпірме көрсеткіш. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент көзбояушылыққа әуес әкімдерді сынады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, орташа жалақы өсіп жатыр деп жар салуға құмармыз, ал шынтуайтында елімізде 1 миллионға жуық адамның табысы 36 мың теңгеге де жетпейді. Сондай-ақ былтыр Қазақстан бойынша 17 миллион шаршы метр тұрғын үй салынғаны Мемлекет басшысының күмәнін тудырды. Әкімдер асыра сілтеп, ескі үйлер мен саяжайларды да есепке қосып жіберуі мүмкін деді. Үкіметтің кеңейтілген отырысында тағы не айтылды? Арғысын Айғаным Достанбай айтсын.