Кәсіп иелері карантиді пысқырмай отыр

Елордада карантин талаптарын ескермейтін кәсіп иелері азаяр емес. Әсіресе, күніне 1500 адам вирус жұқтырса да, қаладағы тамақтану орындары санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға селқос қарайды. Сондықтан біздің арнамыз әкімдік пен жергілікті полиция өкілдері ұйымдастырған рейдке шықты. Тағы бір айта кететін жайт, 2 тамыздан бастап еліміздегі инфекция таралуы мен өлім-жітім көп бес қалада карантиндік талаптар күшейеді. «Ashyq» қосымшасына қосылмаған нысандар келесі аптадан бастап жабылмақ. Жұмысшылар қашықтан еңбек етеді. Одан басқа қандай талаптар бар екенін тілшіміз айтсын.

X