«Күйеуімді полицейлер өлтірді!»
22 октября 2021
Күйеуімнің өліміне полицейлер кінәлі! Семей тұрғыны Ольга Карашева арна тілшілеріне осылай деп жанайқайын жеткізді. Ол бір жыл бұрын қайтыс болған күйеуінің кісі қолынан қаза тапқанын дәлелдей алмай келеді. Қылмыстық іс «есіртікіні артық дозада пайдаланды» деген желеумен әлдеқашан жабылған. Бірақ жесір келіншек мұның астарында шикілік барына сенімді. Қолында марқұм күйеуінің денесінен полиция қызметкерлерінің дубинкасының ізіне ұқсайтынын растаған сараптама құжаты да бар. Айқын дәлелдердің болғанына қарамастан, тергеушілер жапқан бұл істі полиция қызметкерлері тонау күдігімен де төбе көрсетеді. Шым-шытырман оқиғаның ізімен тілшіміз оның мән-жайын байыптап көрді.