Карантин шектеулері жеңілдей ме?
24 августа 2021
Елде карантиндік шектеулер жеңілдеуі мүмкін. Үкімет басшысы Асқар Мамин «Ашық» қосымшасын енгізген кәсіп иелері үшін демалыс күнгі локдаунды алып тастауды тапсырды. Алайда бұл норма тек эпидахуалы тұрақталып жатқан өңірлерге қатысты. Ал бас дәрігер Алексей Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжамды жариялады. Егер бәрі жақсы болса қазан айында ковид жұқтырғандар саны 1300-ге дейін азаймақ. Ал карантин талаптары дұрыс сақталмаса 6 мыңның үстінде болмақ. Үкіметте басқа не айтылды? Әріптесім тарқатсын.