Карантин жеңілдейді
19 октября 2021
Ертеңнен бастап елімізде карантин шаралары жеңілдейді. Бұл жөнінде Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Ведомство басшысының дерегінше, соңғы уақытта республика аумағында коронавирус жұқтыру деңгейі 17%-ға төмендеген. Сол себепті әлеуметтік нысандар мен халық демалатын орындардың жұмыс уақыты ұзарады. Сондай-ақ, түнгі клубтар ресми түрде жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Ал, қыркүйектен бастап дәстүрлі форматқа көшкен білім ордаларында эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып тұр. Бұл ретте жоғарыда қандай шаралар қолға алынып жатқаны және өзге де санитарлық талаптардағы өзгерістер туралы тілшіміз Қайыркен Отыншы сөз тарқатады.