3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

КАСПИЙДІҢ ЖАҒАЛАУЫНАН 20 ТҮЙЕНІҢ ӨЛЕКСЕСІ ТАБЫЛДЫ

Каспий жағалауынан 20 бас түйенің өлексесі табылды. Мұны байқаған кездейсоқ куәгер бұл көріністі видеоға түсіріп, желіге жүктеп жіберген. Мамандар бұл Ойсылқара тұқымы ерте көктемде суға батып кетуі мүмкін деген болжам жасап отыр. Ал, өлекселер Маңғыстау облысының Түпқараған ауданына қарасты Көсе деген аумақта анықталған. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі өкілінің айтуынша , күні бүгін Каспийде қатты толқын көтеріліп, жануарлардың денесі жағаға шығып қалыпты. Қазіргі таңда залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр дейді.

X