14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

KAZSATтардың

Ғарышты бағындыру үшін де құрбандық шалынады. Еліміздегі Республикалық ғарыш орталығының мамандары ырым-тыйымға сенеді екен. Орман ішінде орналасқан жасырын мекеме дәл қазір біздің жаңалықтарымыздың көрерменге жетіп, сіз бен біздің телефон арқылы кедергісіз сөйлесуімізге септік етіп отыр. Мұнда спутникпен байланыс орнатылып, космос әлемінен түрлі сигнал келіп түседі. Көп біле бермейтін құпия жұмыстың жай-жапсарын Айбек Қосан айтсын!
«Ақмола облысында, орманның ішінде көпке көрінбейтін жерде бір мекеме орналасқан. Республикалық ғарыштық байланыс орталығы деп аталады. Бұл жерде немен айналысады? Ақпараттық қауіпсіздіктің бұл мекемеге қандай қатысы бар? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ғарышқа спутник ұшыру жобасы елде 2004 жылы басталды. Алғаш болып  «KazSat» серігі 2006 жылы Байқоңырдан көкке бағыт алған еді. Алайда екі жыл өтпей істен шығады.

Сол кезде орталық директоры қызметін атқарған Виктор Лефтер бұл үлкен соққы болды деп еске алды.

ВИКТОР ЛЕФТЕР, «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒАРЫШТЫҚ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ» ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
«Біз үшін ғарыштық аппарат баламыз сияқты. Сондықан «KazSat»-тың істен шығуы үлкен трагедия болды. Үкімет деңгейінде комиссия құрылып, барлығы сараланды. Сосын бұл аппаратты орбитадан алып тастау туралы шешім қабылданды. Спутниктен ақау табылғанда барлық жоғары деңгейде басшылықты аяғынан тік тұрғызды деуге болады. Алғашқы «KazSat»-тың сынуына техникалық ақаулар себеп болды. Бірақ, одан кейінгі спутниктер жақсы жұмыс істеуде».

Спутниктердің біздің елге қажеті қанша деген сұрақ туындайды. Егемен елдің тәуелсіз интернеті, байланысы, телехабар таратуы болуы шарт. Осындай мақсатта құрылған мекеме отандық нарықты толық қамтып, тіпті көріш мемлекеттерге қызмет көрсете бастаған.

МӘЛІК ЖҮЙРІКБАЕВ, «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒАРЫШТЫҚ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
«KazSat» топтамасы 2011 жылдан бастап осы күнге дейін орташа есеппен 30 миллиард теңгедей табыс тапты. «KazSat-2» орбитаға шыққалы 2016 жылдан бері  біз шығынсыз кәсіпорын атандық. Соңғы үш жылда қаржылық балансымыз оң нәтиже көрсетуде. Біз Қазақстандық нарықты қамтып қана қоймай көрші елдерге де ұсыныс жасадық. Қырғыз Республикасы біздің спутниктердің қызметін пайдалануда. Енді Өзбекстанмен келіссөздер жүргізіп жатырмыз».

Бір қызығы, ғылыммен айналысатын адамдар ырым-сенімге бір табан жақын көрінеді. Естігенде таң қалдық. Екі бірдей спутниктің ұшырылуына қатысқан Қайрат Телғарин, тіпті жыл сайын жасалатын ғидабат жайлы айтып берді.

ҚАЙРАТ ТЕЛҒАРИН,  «АҚ КӨЛ» ЖЕР ҮСТІ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
«Жыл сайын аппараттарды ғарышқа ұшырған күндері құрбандық шаламыз. Көз тимесін, «тіфу-тіфу» ешқандай оқыс жағдай болған емес. Ғарыш деген сондай бір тылсымы көп сала. Сондықтан біз ғалым болсақ та ырым-тыйымға сенеміз. Егер бір маман кезекшілікке түскен күні штаттан тыс оқиға тіркелсе біз дұғамызды оқып, аластап аламыз».

«Мына антенналардың сыртқы қалыбы бірдей болғанымен, атқаратын қызметтері әртүрлі.  Биікте орналасқандары «KazSat-2», «KazSat-3» спутниктерін басқарса, қалғандары мониторингпен айналысады».

АЗАТ СӘДУАҚАСОВ, «АҚ КӨЛ» ЖЕР ҮСТІ КЕШЕНІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Жоғары желіліктегі сигнал осы приемниктер арқылы келіп түседі. Әрі қарай қабылдағыштарға келіп арнайы компьютерде бізге сол сигнал түрленіп, цифрлық форматқа түрленеді.

Ақпаратты қабылдап, өңдеп, сапасын бақылап отырған орталық мамандары Қазақстан аумағында тұрақты ақпараттық әрі телекоммуникациялық  қызметті қамтамасыз етіп келеді. Көктегі қос «KazSat» шетелде құралса, алдағы жылдары ғарышқа ұшырылатын жаңа спутниктер өз елімізде жинақталады деген жоспар бар екен.

X