Кел, балалар, екпе алайық!
10 ноября 2021
Келесі аптадан бастап елімізде оқушылардың алғашқы легі індетке қарсы екпені қабылдайды. Премьер-министр Асқар Мамин мектептерде егу пунктерін дайындауды тапсырды. Ел аумағына балалар мен жүкті келіншектерге арналған вакцинаның бірінші партиясы бүгін жеткізілуі тиіс. Ал 15 қарашаға дейін өңірлерге Файзер екпесінің 374 мың дозасы жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Жалпы, бұл вакциналау науқаны қалай жүргізіледі? Ал, одан бөлек, екпенің үшінші дозасын кімдер және қашан қабылдауы керек? Бұл сауалдарға бүгінгі Үкіметтің жалпы отырысына куә болып, шенділердің сөзін тыңдап қайтқан тілшіміздің келесі сюжетінен жауап таба аласыздар.