Әкесі мен қызы жүк көлігінің астында жаншылып, көз жұмды
29 июня 2021
Алматы облысында әкесі мен қызы шөп тиеген жүк көлігінің астында жаншылып, көз жұмды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен арғы бетке өтпек болған оларды тежегішін баспаған ауыр техниканың жүргізушісі қағып кетті. Сол сәтте қоларбада болған 3 жасар бүлдіршінді періштесі қақты. Баланың жағдайы қалай? Сұмдық оқиғаны көрген куәгерлер не дейді? Қарасай ауданының Жамбыл ауылында болған жантүршігерлік жағдайдың жай-жапсарын тілшіміз Бауыржан Жақсымбет баяндайды.