Әкімді абдыратқан сұрақ
8 ноября 2021
Ақтөбенің қарыштап қарқынды дамуын, экономикасының еселеп өсіп жатқанын елордада ел алдына шығып баяндаған облыс әкіміне нұр-сұлтандық журналистер тосын сұрақ қойып, сценариді бұзды. Бюджеттің әр тиынына жауапты болса да Оңдасын Оразалин қазына қаржысының қайда жұмсалып жатқанынан бейхабар болып шықты. Күтпеген сұрақтан қысқа қайырып, құтылуға тырысты. Тіпті, «әкімдік мұндай тауарды сатып алады» дегенге күмәнмен қарайтынын да айтты. Алайда, облыстық іс басқармасы әкімнің күмәні негізсіз екенін кері дәлелдеп жіберді. Әкімді абдыратқан нендей сұрақ? Бұған әкімдіктің қоймасына барып, арнайы репортаж түсірген тілшіміз Ақбаян Сұлтанмұратова жауап іздейді.