10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Әкімдік 10 жыл бұрын өзі берген үйді тартып алмақшы

Қызылжарлық бір топ актер далада қалғалы тұр. Себебі, осыдан 10 жыл бұрын облыс басшысы тарту еткен пәтерлерін денсаулық сақтау басқармасы босатыңдар деп талап етіп жатқан көрінеді. Театрдың мерейтойында су жаңа баспанаға ие болған 6 жас маман бүгінде сол мәдени ошақтың тіс қаққан сахна саңлақтарына айналған. Алды көпбалалы отбасы да болып үлгеріпті. Әртістердің сөзінше, сыйға берілген жылжымайтын мүлік 3 жылдан бері таласқа түсіп жатыр екен. Ал, мамандардың басыбайлы баспаналары да жоқ. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қызылжардағы Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының 6 жас әртісіне 2010 жылы сол кездегі облыс әкімі Серік Біләлов мәдени ошақтың мерейтойында салтанатты түрде пәтердің кілтін табыс еткен. Бірақ, берген уақытта бұл баспана уақытша тұруға деп ескертілмеген. Тек, жас әртістерге сыйлық ретінде үлестірілді деп айтылыпты.

НҰРБОЛ АСҚАРОВ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ
«Біздің босатып беруіміз түк те емес. Бірақ, бізге сыйлыққа берілген. 10 жыл бұрын кернейлетіп бүкіл халықтың көзінше берілген квартираларымыз қайда?».

Әртістер әне-міне пәтерді өз атымызға аударамыз деп жүргенде, соттан «үйді босатыңдар» деген хабарлама келе бастаған. Содан бері, тыныштық жоқ дейді, — мәдени ошақтың ұжымы. Ал, қала әкімі театр актерлерінің бұл мәселесін шешіп беремін деп өткен жылы уәде беріпті.

НҰРБОЛ АСҚАРОВ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ:
«Қала әкімі уәде бергеніне 1 жыл болды. Ешқандай өзгеріс жоқ. Бізді бұған дейін бұл үйден шығарып тастағылары да келді. Сотқа да шақырды. Бір күн қалғанда соттың қағазын өздері қайтарып, бізді соттан босатып, пока тұра беріңдер деген де әңгімелер болды. Сөздер айтылды. Біз былайша айтқанда чемоданный настроение. Қашан бізге шық дейді, сол кезде шығамыз».

Пәтерлі болған әртістер басында облыс басшысының бұл жомарттығына риза болғандарын айтады. Себебі, сахна саңлақтары қазіргі жалақымен жаңа баспана алу үшін ипотекаға алғашқы жарна жинаудың өзі мүмкін емес, — дейді. Айлықтары 90 мың теңге екен.

ГҮЛНӘЗ ГАЙНУЛИНА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ:
«2010 жылы театрдың 10 жылдығына біздерге бір топ жастарға квартира берілді. Сол кезден бастап бізде өзіміздің басымызда өзіміздің пәтеріміз бар деп қуанып, сенімді жүрдік. Ипотекаға да ешқайда ақша жинаған жоқпыз. Сенімді болдық. Бұл үй бізге беріледі деп. + 07:25 Осы соңғы 3 жылда бізді қуып жатыр. Бұл арендный үй, дәрігерлердің қарамағындағы үй. Шығу керексіңдер босатыңдар деп».

Баспанада тұрып жатқан әртістердің қолында бірде-бір құжат жоқ. Сыйға берілді деген бір тілім қағаз да жоқ. Тек облыс әкімінің салтанатты түрде пәтер кілтін табыс етіп жатқан видеосы ғана бар. Сондықтан, қала басшылығынан қандай да бір көмек болғанын қалайды.

АСЫЛХАН РАЗИЕВ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ:
«Өткен жылдың күзінде бізге тағы да денсаулық сақтау басқармасынан адамдар келіп біздің есімізге тағы салды. Бізге кету керек бұл пәтерді босату керек деген әңгіме сияқты. Сондай-ақ, мына дәрігерлерді де қысқпаққа алып жатыр. Бұлардың өздерінің программасы бар дейді 5 жылдық. Сен молодой специалист келесің 5 жыл жұмыс істейсің, кетесің деген сияқты. Бірақ, 2010 жылы бұл пәтерлер берілген кезде ондай әңгіме айтылған жоқ».

Кейін белгілі болғандай, бұл тұрғын үй қалалық денсаулық сақтау басқармасының балансында екен. Ақ халаттылар да өңірге келген жас мамандарға 5 жылға дейін баспана беретін көрінеді. Сол үшін де әртістерден қазіргі үйлерін босатуды талап еткен.

ГҮЛНӘР ҚАЛИ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
«Оларды қысқы уақытта ешкім далаға қумайды. Әлеуметтік жағдайларын дұрыстап алғанша тұратын баспаналары. Себебі, бізде өңірде дәрігерлер жетіспеушілігі бар. Өткен жылы мысалы 72 маман келсе соның 30 қалада қалды. Бірақ, «Дәрігерлер үйінен» олардың 3-4 ғана баспана берілді. Себебі, қалған баспаналар бос емес».

Дегенмен, 80 пәтерлі бұл тұрғын үйді қалалық денсаулық сақтау басқармасы түптің түбінде толық өз балансына алып тынатын секілді. Себебі, өңірде дәрігерлер тапшы екен. Ал, аттай қалатып шеттен алдыратын білікті кадрларға баспана жағы қарастырылмаса, мамандар жұмыс істеуге келмейді, — дейді. Ал, әртістер облыс басшылығынан сыйға берілген баспананың орнына басқа пәтер беруді сұрайды.

X