Үкімет картоп жарды
27 января 2022
Картопты жарды. Тура мағынасында. Өзбекстанға тауарын өткізбек болған ондаған кәсіпкер миллиондап қарызға батқалы тұр. Үкіметтің жаңа қаулысына сәйкес, енді әлеуметтік маңызы бар тауарларды экспортқа шығаруға тыйым салынған. Алайда тиісті қаулы бір апта бұрын ғана қабылданды. Ал бұған дейін шекараға жетіп қойғандар енді картобын не ары, не бері өткізе алмай әлек. Тақырыпты Нұрай Құрақпай тарқатсын.