Үкімет ұрыс естіді
20 октября 2021
Спикер дауыс көтеріп, министрлер сөз естіген күн. Бүгін пандемия басталғалы алғаш рет Мәжілістің жалпы отырысы журналистердің қатысуымен өтті. БАҚ өкілдерінің әсері ме, қайдам, депутаттар да бірінен соң бірі сауалын жолдап, асқан белсенділік танытуға тырысты. Бір жарым жыл бойы онлайн жиында бас қосып, кейін тыныш қана тарқасып жүрген халық қалаулылары Парламентке асыға ағылған әріптестерімізді қуана қарсы алғанға ұқсайды. Олардың арасында біздің тілшіміз де болып, басы салбыраған министрлер мен айбат шеккен депутаттар жайының куәсі болып қайтты.