Әкімшілік жайылым жерлерді кәсіпкерлерге тартып берді
5 мая 2021
Жамбыл облысы Айша бибі ауылының халқы елді мекен маңынан мал жаятын жайылым таппай қиналып отыр. Тұрғындардың айтуынша, жергілікті әкімдік ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді бизнесмендерге таратып берген. Соның салдарынан мал азықтануы тиіс жерлерде қазір тас өндіретін карьер, асфальт шығаратын зауыт, күн электр стансасы секілді нысандар қаптап кеткен. Кәсіпкерлер тіпті төрт түлік жүретін жолдарды бөгеуге дейін барады екен. Ашуланған халық ауылға шенеуніктерді шақырып алып, жерді ауылдық әкімдік меншігіне қайтаруды талап етті.