КИНО ТҮСІРЕМІЗ ДЕП, БАСТАРЫ БӘЛЕГЕ ҚАЛДЫ
23 октября 2025
Түсірілім алаңынан тура абақтыға! Алматыда кино түсіру үшін автокөліктің ескі нөмірлерін пайдаланған жүргізушілер бір күнге қамалып, бір жылға куәлігінен айырылды. Ең сорақысы, фильмінің продюсері жаңа жобасы үшін әкімдік пен тәртіп сақшыларының қыр соңынан қалмай алдын ала рұқсатын алған екен. Соның өзін жол сақшылары ескермеді деп азар да безер.







