4:00 Тікелей эфир «ЕҢ АЛҒЫШҚЫ» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Клубқа барып, комаға түсті

Павлодарда түнгі клубқа барған жігіт комаға түсіп қалды. Көңіл көтеру орнында қыдырған 24 жастағы Әлішер Советхан ауыр жарақаттарымен ауруханадан бір-ақ шыққан. Оның үш қабырға сүйегі мен жамбасы сынған екен. Денесінің сол жақ бөлігінің сау-тамтығы қалмапты. Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын жиенінің туған күнін туыстарымен атап өту үшін клубқа барған. Мереке кезінде не болғаны белгісіз. Нысанда бейнекамера атымен жоқ екен. Әлішердің әкесі ұлының клубқа кеш барғанын және ішімдік ішпегенін айтты. Бас-аяғы екі сағаттың ішінде жігітті жедел жәрдем көлігі алып кеткен.

X