Кореядағы сұмдық қылмыс
18 октября 2021
Оңтүстік Кореяда 22 жастағы отандасымыз қаза тапты. 26 жерінен пышақталған Түркістан облысының тумасын өзге емес, өзіміздің елдің азаматы аса қатыгездікпен өлтірген. Онда да ағайын туысы екен. Ал, полицейлер келгенде 27 жастағы күдікті оқиға орнында ес-түссіз жатыпты. Тәртіп сақшылары жігіттің ақыл-есін тексеріп, тергеуге алып кеткен. Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтарға көмек көрсетіп жүрген блогер Самат Ахметовтың сөзінше, марқұм өзінің әкесін «елге алып келемін» деп Сеулге барып, сонда қалып қойған екен. Бәрінен қиыны, жазаға тартылатын жерлесімізді елге экстрадициялау мүмкін емес көрінеді. Оның себебін және шетелге нәпақа табуға барып, басы қиын іске шалынған отандасымызға қатысты өзге де мән-жайларды тілшіміз Қайыркен Отыншы тарқатып айтатын болады.