Сенесіз бе? Елімізде жұқпалы індетті жұқтырғандардың 20 пайызына жуығы басқасы емес, сіз бен біздің саулығымыз үшін күресіп жүрген дәрігерлердің өздері екен. Бірнеше күннен бері жайсыз статистикасы жаңармаған бас қалада да бүгін вирус такси жүргізушісінен табылған. Одан бөлек, бүгін инфекцияға шалдыққандардың тізіміне полиция қызметкері де қосылды. Оның жұмыста жүрген кезінде нақты қанша адаммен байланысқа түскені белгісіз әзірге. Қазір студиямен үйінен скайп арқылы тікелей байланысқа әріптесім Нұрай Құрақпай шығып отыр.
Коронавирус: елдегі жағдай
Дата: 09.04.2020