Ұлағатты ұстаздарға мың алғыс!
1 марта 2022
Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде алғыс жауатын күн. Барша қазақстандық туған-туыс, әріптес, досты түгендеп, шама шарқынша рахметін айтып, жүректен шыққан жылы сөзін арнап-ақ жатыр. Алғысқа бөленіп жатқандардың арасында, әрине, ұрпағына білім нәрін сусындатқан ұстаздар да бар. Әсіресе пандемия кезінде осы жандардың қадір-қасиеті артқаны жасырын емес.