2:05 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
2:30 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Әлемді коронавирус жайлағалы – 1 жыл

Әлемді коронавирус жайлағалы — бір жыл. Иә, болжам бойынша өткен жылдың тура 17-ші қарашасында Қытайдың Хубэй провинциясында ең бірінші адам осы инфекцияны жұқтырған. Содан бастап әлем «COVID-19» деген індетпен әлі де алысып келеді. Күнтізбенің 365 күнінде жер жаһан мен Қазақстан бұл  індетпен қалай күресті? Адамзат өміріне бұл вирус нендей өзгеріс әкелді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Болжам бойынша 2019 жылдың 17-ші қарашасында 55 жастағы  Қытайдың Хубэй провинция тұрғыны дәрігерге жүгінген. Ақ халаттылар дерт симптомдарын бақылап, одан қауіптенбеген. Бірақ, кейіннен осындай шағыммен күніне бес адам келе бастаған. Сөйтіп, 31-ші желтоқсанда 266 жан мамандардан көмек сұраған. Бұл кейін «COVID-19»  деп аталған вирустың алғашқы жұқтыру фактілер еді.

«Содан бері әлемнің 55 миллион халқы вирус жұқтырды. Оның 35 миллионы дерттен айыққан. Демек, 20 сы әлі де ем алуда. Өкінішке қарай, инфекциядан 1 миллион 327 мың адам көз жұмды. «COVID-19″  деген атаумен танылған вирус қазір де өршіп тұр. Мысалы, АҚШ-та соңғы екі аптада вирусты 2 миллионға жуық адам жұқтырса, Үндістан мен Бразилияда жалпы саны миллион жанға инфекция жабысқан».

Қытайдың ресми ақпаратында вирус Ухань қаласының жабайы жануарлар сатылатын базарда, желтоқсан айында шыққан. Сөйтіп, Еуропаға ақпанда жеткен. Алайда, италиялық басылымдар миллион жанның өліміне әкелген індет қыркүйекте-ақ келген дейді. Демек, «SARS-CoV-2»  штампты вирусы тіпті ертерек тарауы мүмкін. Шыны керек, тұтастай Еуропа инфекциядан қауіптенбеді. Сол үшін де қатты қиналды.

Бір мезетте жүздеген емес, мыңдаған отандастарынан айырылған жаһан жұрты қауіпсіздік шараларына көшті. Әсіресе, адамдар медициналық бетперде, қолғап, антисептикті жиі қолданатын болды.  Сондай-ақ, көпшілік жиналға ортаға бармай, әлемдік деңгейдегі шаралардан бас тартты. Жұмыс, кездесу, келіссөздер онлайн форматқа өтті.  Бірақ, осының өзінде дертті жұқтыратындардың саны азаяр емес. Дегенмен, әлемдегі ғалымдар жағдай жақында өзгеретінін жарыса жариялауда. Өйткені «COVID-19»-ға қарсы вакцина табылғанын. «Модерн» және «БионТехФайзер» деген екі ұйым індетпен күресте 90 проценттен артық пайда көрсеткен екпе шығарғанын мәлімдеді.

ЗОЛТАН КИС, ИМПЕРИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ВАКЦИНА ТАҒАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:
«Бұл вакциналар басқа технологиямен дайындалған.  Ескі екпелерден басты ерекшелігі  олар арқылы әрбір тірі дүниенің рибонкулеин қышқылы молекулаларын таба аласыз. Демек, бүгінде сынамадан өтіп жатқан вакцниналарға да осы үлгіні енгізуге болады. Бұл медицинаға белгілі әрі белгісіз дерттердің тоқтатуға жол ашады».

Дегенмен, епке төңірегінде еңбектенген ғалымдар аталмыш екі вакцина да әлем жұртына келесі қыста қолжетімді болмақ дейді.

ТЕДРОС АДАНОМ ГЕБРЕИСУС,  ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
«Біз қазір індетке қарсы тұра алатын вакцина табылғанын естіп жатырмыз. Бірақ, қазір босаңсыйтын кезең емес. Өйткені, Еуропа мен басқа да елдерде вирустың қайта өршіп жатқанын көріп отырсыздар. Сондықтан мұқият болуға шақырамын. Инфекция  таралкы күрт өмкен мемлекеттерде дәрігерлер мен медицина саласы әбден қиналып жатыр».))

55 миллион әлем халқына жұққан коронавирустың екінші толқыны да басталған сыңайлы. Әсіресе, АҚШ, Австрия, Грекия, Франция, Румения және Жапонияда. Аталмыш мемлекеттерде комменданттық сағат енгізіліп, спорттық шаралар тоқтап, әлеуметтік нысандар жабылған. Сондай-ақ, Еуропада вирустан өлім-жітім көрсеткіші 32 пайызға артқан.

X