Үлескерлер үш жылдан бері үйлерін ала алмай жүр
9 февраля 2022
Үмітпен өткен үш жыл! Талдықорғанда төзімі таусылған бір топ үлескер шу шығарды. Жылдап жинаған ақшаларын серіктестікке аманаттағандар енді қашан үй аламыз деп армандаумен айлар өткізуде. Базынасын айтып бармаған жері жоқ. Баспана салып береміз деген компанияны сотқа да сүйрепті. Нәтиже нөл. Амалы азайып, азабы көбейген тұрғындар журналистерге жанайқайын жеткізіп, Президенттен көмек сұрады.