Талдықорғанда Тұңғыш Президент қорының көмегімен әлеуметтік тіс клиникасы ашылды. Онда тұрмысы төмен және мүгедек жандарға түрлі жеңілдіктер жасалып, қызмет көрсетілмек. Ал мекемеде медициналық колледжді «тіс технигі» мамандығы бойынша тәмамдаған 6 түлек жұмыс істейді екен. Барлығы да есту және сөйлеу қабілеті бұзылған мүгедек жандар. Сондықтан, олардың әлеуметтік жобасы әртүрлі қорлар тарапынан қолдау тауып отыр.
Әлеуметтік тіс клиникасы ашылды
Дата: 04.12.2020