ЛИФТ ҚҰЛАП, БІР АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ
13 ноября 2025
Астанада лифт құлап, адамдар қаза тапты. Жеделсаты жетінші қабаттан үзіліп, жерге түскен екен. Астында бір емес, бірнеше кісі қалды деген ақпарат бар. Сорақысы сол, дәл осы үйде үш ай бұрын да лифт құлап еді. Ол кезде 9-қабаттан төменге гүрс ете қалған кабинадан 9 жасар қыз тірі шыққан.







