10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Лифтісі істемейді: жоғары қабаттағыларға жедел жәрдем де көтерілмейді

Осы Алматыда мемлекеттік бағдарламен салынған үйдің тұрғындары сегіз жылдан бері жеделсатысыз өмір сүріп келеді. Көпқабатты баспанадағыларға далаға шығудың өзі мұңға айналған. Ал өздігінен жүре алмайтын адамдарды құтқару қызметінің көмегімен таза ауа жұтуға шығарады екен. Кейде 8-ші қабатта тұратын зейнеткерлер шаршағаннан еңбектеп көтерілеміз деп отыр. Ал жедел жәрдем жоғарғы қабаттағы пәтерге барудан бас тартқан. Он жыл ішінде қаланың үш бірдей әкімі келіп уәде бергендерімен әлі орындалмапты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Жасым деген 61 зейнетте сегізінші этажға көтеріп мына баланы, сегізінші этажға шығамыз. Балаға таза ауа жұтқызу керек. Көрген күніміз осы»

Сайлаукүл Байқанқызы күніне он мәрте сегізінші қабаттан түсіп шығады. Бірде кіші немересін далаға алып шықса енді бірде екіншісін үйірмеге апарады. Өмірімізді мемлекетке қызмет етуге арнап, зейнетке шыққанда бейнетіміздің зейнетін көреміз ба дегенде көрген күніміз осы, дейді

САЙЛАУКҮЛ БАЙҚАНҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Ауырып екі аяғымнан жүре алмай қалып, скорый шақырдық. Скорый көтерілмейді сегізінші этажға. Далаға шығыңыздаршы дейді есік алдында түрады. Мен айтам жүре алмай жатырмын қалай шығам далаға көтеріп шығарсын да біздің шыққымыз келмейді дейді. Баланың температурасы көтеріліп шақырады. Скорый келеді вынесите ребенка на улицу дейді. Это разве дела»

Айнабұлақ-2 шағын ауданында орналасқан №32 үй осыдан 10 жыл бұрын пайдалануға беріліпті. Көптен күткен баспанасына қол жеткізген тұрғындардың қуанышы ұзаққа бармаған. Лифт бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін тоқтап қалыпты. Содан бері жұртшылықтың бармаған жері, ашпаған есігі қалмаған. Мәлік Нарынбаев запастағы майор. Әскерде жүргенде бір аяғы ауып, дәрігерлер оны тізеден жоғары кесуге мәжбүр болған. Қазір екінші топтың мүгедегі 4 қабаттағы пәтеріне кіріп шығу қияметтің қайымына айналғанын айтады.

МӘЛІК НАРЫНБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Шаршап қалдым, күніне оншақты рет түсіп қайтып шығамын. Жұмыстарым бар, темекі шегуге шығамын. Дүкенге барамын, продукты алып келемін бір зат алып келгенде өте қиын. Оны көтеріп шығудың өзі қиын. Енді мен 58-ге енді келемін, жаспын ғой. Бұрынғы сол офицерлік кезім есіме түсіп сол жүре беремін»

Көпқабатты үйді сол кездегі қала әкімінің орынбасары Виктор Долженков бастаған 20 шақты шенеунік қол қойып, пайдалануға берген. Алайда әлі күнге қаланың баласына берілмепті. Үйді салған компанияға сот кем-кетігін қалпына келтіру туралы 2016 жылы шешім шығарған. Алайда басшылары сотталып кетіпті. Жұртшылық тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы бойынша келісімге келгенімен мердігер қайтадан Қытайдың лифтін қойып бермек болған соң одан бас тартыпты.

МАРАТ ЖҮНІСҚҰЛОВ, ПӘТЕР ИЕЛЕРІ КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Модернизацияға кірген кезде договорға отырдық. Барлығын қатырамыз, барлығын жасаймыз деді да, дәл бізде тұрған лифтіні қайтадан востонавить етпекші болды. Оған біз қарсы болдық. Не себепті қарсы болдық себебі лифт ремневый. Бізге кәдімгі канат надежный салып береміз деген».

Тұрғындардың жанайқайы қала басшылыға жетіп, биыл жаңа 3 жеделсаты сатып алуға қала қазынасынан қаржы бөлініпті. Ал бір кіреберістің тұрғындары бас тартқан көрінеді.

ҚУАНЫШ СЕЙІТОВ, «АЛМАТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ» ЖШС БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
«Жақын арада Алматылифтпен және пәтер иелерінің меншік иелерімен бірге келісім-шартқа отырады. Сол келісім-шарт бойынша осы жылдан бастап, аяғына дейін үш лифтіні қондыру бойынша жұмыс жүргізіледі».

Енді әкімдік осы жолы сөзінде тұрса жыл соңына тұрғындар жолғарғы қабаттарға лифтімен көтерілетін болады.

X