«Омикрон» штамы жаңажылдық жоспарлардың ойранын шығаруы мүмкін. Әлемді жайлаған індеттің жаңа мутациясы елде жаңа шектеу шараларын енгізуге мәжбүрлеп отыр. Уақытша денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев бүгін осындай жағымсыз жаңалықпен бөлісті. Цой секілді болжам айтуға жақын болмаса да, экс-басшының жүктеген міндеттерін атқаруға білек сыбана кіріскен маман басқа не мәлімдеме жасады? Үкімет сағатында айтылған ақпарды «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі тарқатсын.
Елде карантиндік шаралар енгізілуі мүмкін
Тозығы жеткен жатақхана
Алматы облысында қою тұманның кесірінен жиырмаға жуық көлік апатқа ұшырады. Алматы – Қорғас автожолында болған оқиғадан зардап шеккендер де бар. Көпшілік қаражатын төлеген соң, ақылы жол стандартқа сай болуы қажет деп күйінеді. Оқыс оқиғаға кім кінәлі? Табиғаттың тосын мінезі ме, әлде жүргізушілер ме? «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі анығын білмек.
Тұманнан келген апат
Баланы ұрған видеоны тәрбиешінің өзі байқамай ата-аналардың чатына жіберген. Балаларды оқтаумен ұрған тәрбиешінің әрекеті ата-аналардың төбе шашын тік тұрғызды. Енді олар балабақшаны лицензиясынан, ал тәрбиешіні дипломынан айыруды талап етіп отыр. Тәрбиешінің өзге де «тәрбиелеу әдістері» жайлы «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі баяндайды.
Балабақшадағы былық
Өтіп бара жатқан жылда қазақ елі біраз біртуар перзентінен айырылды. Абыз жазушы һәм қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділов, жарты ғасырдан артық елді әнімен әлдилеген Ескендір Хасанғалиев, телевизия тарландары Нұртілеу Иманғалиұлы мен Амангелді Сейітханов бүгінде ортамызда жоқ. «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі биыл келместің кемесіне мініп кеткендер жайлы естелік сюжет дайындады.
Биыл келмеске кеткен тұлғалар
Батыс Қазақстан облысында сенбі күні кешкісін басталған қарлы боран бір тәулікке жалғасты. Соның салдарынан Самара – Шымкент, Орал – Саратов, Тасқала – Болашақ бағытындағы жолдар жабылды. Қар құрсауында қалған екі көліктегі жеті жолаушы құтқарылып, жылыту қосындарына жеткізілген. 48 елді мекендегі 8 мыңдай абонент жарықсыз қалған. Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен ағайынмен «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі тілдесіп қайтты.
Ақ түтек боран әбігерге салды
Биыл бірінші рет журналистерге Бейсен Құранбек атындағы арнайы жүлде табысталды. Көгілдір экранда көңілі күпті көп адамның көз жасын сүрткен танымал тұлғаның атындағы марапат «Самғау» байқауында берілді. Алматы облысының жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылған БАҚ өкілдерін әкімдік жыл сайынғы дәстүр бойынша биыл тағы жинап, еңбектері еленетінін еске салды. Марапат иелерімен тілшіміздің келесі материалынан таныса отырыңыздар.
«Самғау» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Беташарға миллиондар шашып, желідегі жұрттың қатал сынына ұшыраған тойшыл ағайынның аты-жөні анықталды. Сәлеміне 55 миллион теңге жинаған бақытты қалыңдық Түркістан облысы Түлкібас ауданына келін болып түскен екен. Әрине қонақтар қалтасына қарай көсілсе, несі бар дерсіз, бірақ күйеу жігіттің жерлестері бүгін ешкім ойына да алып шықпаған күтпеген мәлімдеме жасады. Беташары хит болған тойдың артында жүздеген адамның көз жасы жатқаны рас па? Бүгінгі күні күйеу жігіт неге қашып жүр? Бұл сауалдарға тілшіміздің келесі сюжетінен жауап таба аласыздар.
Тойында табағына миллиондап ақша түскен күйеу жігіт неге қашып жүр?
Алматының жолдарын артық қылам деп, тыртық қылған ба? Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылған жаңа жолайрық қаладағы кептелістен көз ашпайтын Рысқұлов даңғылын біраз ретке келтіреді деп жоспарланған. Алайда кесірі өзгелерге тиіп отыр. Әсіресе Тілендиев көшесімен қиылысатын тұсы бұрын бағдаршам арқылы реттеліп, көпшілік емін-еркін қатынап жүрген. Ал қазір ондағы қозғалыс өзгеріп үш ықшамауданның тұрғындары үшін жүріс-тұрыс қиындап, «жұмысқа кешігіп баратын болдық» деп ашынады. Жаяу жүргіншілер жолағы жабылғалы, бір қайғылы жағдай тіркеліп үлгерді. Өйткені даңғылдың арғы бетіне рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтетіндер көбейіпті. Әйтпесе жұмыстан кешігеді. Жолы жабылған жұртпен тілшіміз де жүздесіп қайтты.
Алматының жолы: артық қылам деп, тыртық қылған ба?
Жаңа жылға санаулы күн қалды. Әдетте, мұндай уақытта азық-түлікке сұраныс күрт артып, базар-дүкендерде қарбалас басталады. Бірақ биыл әлеуметтік маңызы бар ас атаулының бағасы жыл соңы жетпей-ақ шарықтап, шектен шыққаны белгілі. Мереке қарсаңында тағы не қымбаттайды? 2022 жылға болжам қандай? Толығырақ тілшіміздің келесі материалында…
Жаңа жылда азық-түлік қымбаттауы мүмкін
Елде карантиндік шаралар енгізілуі мүмкін
«Омикрон» штамы жаңажылдық жоспарлардың ойранын шығаруы мүмкін. Әлемді жайлаған індеттің жаңа мутациясы елде жаңа шектеу шараларын енгізуге мәжбүрлеп отыр. Уақытша денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев бүгін осындай жағымсыз жаңалықпен бөлісті. Цой секілді болжам айтуға жақын болмаса да, экс-басшының жүктеген міндеттерін атқаруға білек сыбана кіріскен маман басқа не мәлімдеме жасады? Үкімет сағатында айтылған ақпарды «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі тарқатсын.