Басты жаңалықтар

Қалыңдығын алып кетуге барып, қайтыс болды
Қауіпті гүлдер өртелді
Алматыда жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін бе?
Бекболат Тілеухан «Нұрлы жолды қасқа жолға» ауыстыруды ұсынды
Хаменова үй қамақта
Депутаттар қаржы үнемдеуге көшкен
Теріскей әкімінің есебі
Онлайн алаяқтарға алданғандар азаймай тұр
Елімізде екпе егудің тетіктері өзгерді
Жедел-жәрдем шақырсаңыз, күтпей-ақ қойыңыз…

Қалыңдығын алып кетуге барып, қайтыс болды

Шымкенттің полиция департаментінде көз жұмған күдіктінің ісінде тың дерек. Айта кетсек, Шымкентке қалыңдығының ұзату тойына барған Нұрболат Жұмабаев есімді қостанайлық жігіт ойда-жоқта әлдеңені ұрлады деген күдікпен полиция департаментінен бір-ақ шығады. Айыптың қаншалықты орынды болғанын қайдам, бірақ тергеу барысында тепсе темір үзетін жігіттің жүрек талмасынан көз жұмғаны жақындарына хабарланады, бірақ бұл жайт барлығын күпті етеді. Марқұмның туған ағасы сараптама нәтижесінің алғашқы қорытындысымен бөлісті. Құжатқа сенсек, сөз жүзінде жүрек талмасынан қайтыс болған жігіттің іс жүзінде көкбауыры езіліп, қос өкпесі күйіп кеткені анықталған. Ал өкпе, заңгердің айтуынша, тұншықтырғанда ғана күйеді екен. Қалғанын тілшіміз келесі материалда тарқатады.