Азия чемпионы, небәрі 25 жастағы зілтемірші Альберт Линдердің қазасы көпшіліктің көкейіне көп сұрақ қалдырып кетіп еді. Өзіне қол салған ауыр атлеттің інісі «Қазаға кінәлілер жазасын алсын» деп жазба жариялаған. Бірқатар спортшылар әділдік іздеп медальдарын қоқысқа лақтырды. Ауыр атлеттер кімге өкпелі? Қазаға кім кінәлі? Мұхтар Өміртай өрбітсін.
“Сен кетсең, басқасы келеді!” Зілтеміршілер назы
Енді тойхананың артынан емес, адам ұқсап алдыңғы есігінен кіретін болдық! Иә, көрермен, араға бір жарым жыл салып, той жасауға рұқсат берілді! Тиісті қаулы тура бір аптадан кейін күшіне енеді. Бірақ, бірқатар талап бар. Сондай-ақ әр аймақтың той өткізуге қатысты өз ережесі бар. Арғысын Айғаным Достанбай айтсын.
Той жасауға рұқсат берілді
Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен баспаналы болғандар бармақтарын тістеуде. Жылдар бойы аңсап жүріп қол жеткізген пәтерлерінің сапасы сын көтермейді екен. Тіпті, үйлерін алғандарына жарты жылға жуық уақыт болса да инфрақұрылым мүлдем тартылмаған деп ашынады. Енді баспанасы бар, бірақ әлі күнге дейін пәтер жалдап жүргендермен тілші тілдесіп қайтты.
Сапасы сын көтермейтін баспана
Бетін ары қылсын. Өрт бола қалса, базардағылар бас сауғалай ала ма? Елордалық құтқарушылар сауда орындарындағы қауіпсіздік талаптарын тексеріп, рейд ұйымдастырды. Айналдырған тоғыз айдың ішінде 18 оқиға тіркелген. Қызыл жалынның кесірінен шағын бизнес өкілдері миллиондаған шығынға батуда. Берік Байғара супермаркеттердегі өрттің салдары мен жанып кеткен мүліктің құнын кім төлеп беруі керек екенін біліп қайтты.
Базарда сақ болыңыз!
«Обухов» кен-байыту комбинатындағы дау әлі күнге шейін шешілер емес. Жұмыстан заңсыз айырылдық деген бір топ жұмысшы 20 күн бойы нәр татпай, денсаулықтары нашарлап, төсек тартып жатып қалған. Ал содан бері олардың жағдайын білуге жергілікті биліктен бірде-бір шенеунік келмепті. Ашынған азаматтар 400 жұмысшыға араша түсе алмаған аймақ басшысының қызметтен кетуін талап етіп отыр. Табысынан айырылған жандардың жанайқайы келесі бейнематериалда.
20 күн нәр татпаған жұмысшылар
3-4 жылда Ұлттық қорды тауысып бітуіміз мүмкін. Себебі бюджеттің кірісінен гөрі шығыны шаш етектен. Экономистер осылай деп дабыл қағып отыр. Ол үшін Үкімет маңызы жоқ салаларға оңды-солды ақша жұмсауды доғаруы қажет. Қазір қорда қанша қаражат бар? Экономистер неге алаңдаулы? Әріптесім Айғаным Достанбай сабақтайды.
Ұлттық қордың түбі көрінді
Ресейдің оқу орнында тағы да атыс болып, 8 адам көз жұмды. Бұл жолы Перьм қаласының 18 жастағы тұрғыны өзі оқитын университетке баса-көктеп кіріп, ондағыларға оқ жаудырған. Көршілес елдің ақпарат көздері таратқан бейнежазбада жоғарғы қабаттан студенттердің секіріп, біршамасының қан-жоса болғанын байқауға болады. Қайғылы оқиғаның мән-жайын Нұржан Сәдірбай баяндайды.
Ресейде студент атыс ұйымдастырды
Басты жаңалықтар. 17.09.2021 күнгі шығарылым
Басты жаңалықтар. 16.09.2021 күнгі шығарылым
Басты жаңалықтар. 15.09.2021 күнгі шығарылым
“Сен кетсең, басқасы келеді!” Зілтеміршілер назы
Азия чемпионы, небәрі 25 жастағы зілтемірші Альберт Линдердің қазасы көпшіліктің көкейіне көп сұрақ қалдырып кетіп еді. Өзіне қол салған ауыр атлеттің інісі «Қазаға кінәлілер жазасын алсын» деп жазба жариялаған. Бірқатар спортшылар әділдік іздеп медальдарын қоқысқа лақтырды. Ауыр атлеттер кімге өкпелі? Қазаға кім кінәлі? Мұхтар Өміртай өрбітсін.