3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Әліппе қайта оралды

Оқушылар «Әліппемен» қайта қауышады. Ертеңнен бастап мектеп табалдырығын аттаған балалар классикалық оқу құралынан дәріс алады. Жыл басынан бері Білім және ғылым министрлігі кітапты қайта өңдеп шығарып, еліміздегі 65 мектепте апробациядан өткізген. Ал оның сапасы қандай екенін, балаға қаншалықты ыңғайлы болатынын алдағы оқу маусымы көрсетеді. Айта кетейін, биыл республика бойынша 380 мың бала бірінші сыныпқа барады екен. Жаңа «Әліппеге» қандай өзгеріс енгізілгенін әріптесім Қайыркен Отыншы анықтап көрді.

X