Сауат ашудың орнына әліппе қайтарылады. Кешелі бері қазақтілді қоғам Білім министрінің мәлімдемесін естіп, бөріктерін аспанға атып, қиқулап қуанып жатыр. Енді ше, соңғы 5 жыл ішінде Сағадиевтің жаңашылдығын сынамаған адам жоқ. Депутаттардан бастап, ата-аналарға дейін айтты, жазды, ұрысты. Келесі жылы бірінші сынып оқушылары жаңартылған әліппемен оқымақ. Оның қандай артықшылығы болады?
«Әліппе» қайтарылады
Дата: 22.07.2020