10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Құлпытастардағы марқұмдардың суреттерін қашап өшірген Әруаққа да тыныштық жоқ

Шымкентте зират басындағы белгі тастар аяқ астынан өзгертіле бастады. Құлпытасқа қашап салынған марқұмдардың суреттерін әлдекімдер әдейі қырып, өшіріп тастаған. Мұндай соралықты күтпеген жұрт полицияға шағым түсіріп жатыр. Тәртіп сақшылары кінәлілерге қатысты «өлген адамдардың мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Әзірге, құлпытасты осы жердің шырақшысы бүлдіргенін мойындап отыр. Не үшін?

X