«ЛРТ» жыры

Құрылысы қоғамда үлкен дау туғызған «ЛРТ» жобасының болашағы бұлыңғыр. Қазір, сәулетшілер мен урбанистер «сақалды» жобаның келешегіне қатысты бас қатырып жатыр. Президенттің тапсырмасынан кейін қала әкімдігі де іске білек-сыбана кіріскен секілді. Арнайы орталық нысанға қатысты кәсіпкерлерден ұсыныстар қабылдауды бастады. Тіпті, алпауыт компания өкілдері млрдтаған қаржыға тұрғызылған бетон қондырғыларды алып, құрылысқа пайдалануға дайын е кендіктерін мәлімдеді. Ал, жаратылып кеткен 300 млн доллардың сұрауы кімнен екені белгісіз. Себебі, жер үсті метросының басы-қасында жүрген тұлғалар шетел асып, іздеуде жүр. Толығырақ тілші тарқатады.

X