10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Ұлттық банк: алаяқтарға ақша жібермеңіздер!

Алаяқтарға арандап қалмаңыздар! Ұлттық банк қазақстандықтарды ақша жіберуді өтінетін электронды хаттар мен анонимді телефон қоңырауларын елемеуге шақырады. Әйтпесе, батпан құйыраққа алданып, ауыздағыдан айрылып қалуыңыз мүмкін. «Белгісіз банк шоттарының реквизиттері көрсетілген, кездейсоқ ақша алу мүмкіндіктері туралы хабарламалар көп жағдайда олардың алаяқтық әрекет екендігін көрсетеді», — делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің ақпаратынша, шын мәнінде мұндай хаттар Ұлттық банктен жеке тұлғаларға жіберілмейді. Ақша жіберу туралы өтінішпен осындай күмәнді хат алған жағдайда құқық қорғаушы органдарға хабар беру қажет. Сондай-ақ, кеңес алу үшін 1477 нөмірі бойынша банктің байланысыс орталығына да хабарласуға болады.

X