Ұлттық санақ – үкімет үшін сынақ
24 августа 2021
Келесі аптада елімізде халық санағы басталады. Маңызды науқан 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн өткізілсе, 1-30 қазан аралығында санақшылар планшеттерді пайдаланып үй-үйді аралайды. Бұл жұмысқа 32 мың азамат тартылмақ. Ал санақ парақшасы 91 сұрақтан тұрады. Оның нәтижесі бойын ша білім беру, көші-қон, табыс, жұмыспен қамту, неке жағдайы, бала туу, бала тууды жоспарлау, тілдерді меңгеру дәрежесі, дінге көзқарас сияқты мәселелер бойынша толық ақпарат жинақталмақ.