Ұлымды өлтірген қылмыскерлер бостандықта жүр!
21 декабря 2021
Ұлымды өлтірген қылмыскерлер бостандықта жүр! Кісі қолынан қаза тапқан спортшының зар еңіреген анасы әділдік іздеп әлек. Қайғыдан қан жұтқан әйел Қаражыра кен орнындағы төбелесте ұлын өлтіріп, сегіз жылға сотталған күдіктілердің мерзімінен бұрын босап шыққанына қапалы. Полицейлерден пәтуа жоқтығын біліп, сотқа сенуден қалған келіншек қылмыстың ақ-қарасын анықтап, кінәлілердің жазасын дәлелдеген жанға пәтер сыйлауға дайын екенін айтты. Дзюдодан еліміздің атын әлемдік ареналарда аброймен қорғаған жігіттің өліміне қатысты тағы қандай ақпар бар? Істің мән-жайын тілшіміз келесі материалда тарқатады.