Ұлымның өліміне полицейлер кінәлі
9 декабря 2021
Шымкентте қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, полиция департаментіне жеткізілген жас жігіт көз жұмды. Полицияның мәліметінше, 31 жастағы жігіт тергеу кезінде өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем жеткенге дейін жүріп кеткен. Ал, марқұмның қайғыға батқан туысқандары бұған күмәнмен қарайды. Үйленіп, бір басы екеу болайын деп отырған баласынан айырылған қаралы отбасында біздің тілшіміз де болып, мән-жайды біліп-қайтты.







