11:55 Тікелей эфир Многосерийный фильм «СОБЛАЗН»
14:00 Эфирде әрі қарай «НОВОСТИ»

Ұлытау ауданындағы алапат өрттен 23 жастағы жігіт қаза тапты

Ұлытауды ораған от ырық берер емес. Төртінші күн кең даланы көк түтінмен тұмшалаған тілсіз жау бір адамның өмірін жалмады. 23 жастағы жігіттің денесін құтқарушылар жанып кеткен көлік ішінен тапты. Қызыл жалын 200 бас малды да қырып кетті. Бүгін таңда арнайы мамандар өрттің 17 ошағын анықтап, 10-ын ауыздықтапты. Бірақ қауіп әлі сейілмеді. Сондықтан Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланды. Әрі қарай — Нұржан Сәдірбай.

X