Мұғалімдер мектепте жөндеу жұмыстарын жасап жүр
25 августа 2021
Мектеп ішін жөндеп тұр, талай қазақ ұстазы. Жамбыл облысындағы орта білім ордасынан дау шықты. Байзақ ауданына қарайтын Көкбастау ауылындағы мұғалімдер өздері жұмыс істейтін мекеменің еденін әрлеп, жөндеу жұмыстарын жүргізген. Бұл бассыздыққа куә болған «Қоғамдық бақылау» жобасының өкілі көргенін камераға түсіріп, видеоны Youtube-қа жүктеген. «Сіздер мұғалімдерсіздер ме? Әлде жалдамалы жұмысшылар ма?» «Біз мұғалімбіз!». «Осы жерге жалданып жұмыс істеп жатырсыздар ма, әлде өздеріңіз?». «Жоқ, жалданып емес, өзіміз!». Екі тараптың сөзін бөлген мектеп директорының міндетін атқарушы Бақытгүл Жидебаева, мұғалімдерге бұл жұмысы үшін төлем жасалатынын айтқан.