МҰҒАЛІМДЕР СУ ТАСЫП ЖҮР
24 мая 2023
Жетісулық ұстаздар оқушыларды білім нәрімен ғана емес, тіршілік нәрімен де сусындатады! Педагогтер 200 литрлік бөшкемен суды да өздері тасиды. Онда да елден бұрын ерте барып тасымаса, тазасынан құр қалады. Өйткені мөп-мөлдір су таңда ғана ағатын құдық екен. Мектептің өзіне үш ғасыр болған, сонау 1895-терде салынған, құбыры тартылмаған. Ұялы байланыс та жоқ. Атқамінерлерінің сөзі Мұхтар Әуезовтің «Қырық өтірік» ертегісін жолда қалдыратын ауылға әріптесіміз барып келді.