Алматы облысы Панфилов ауданындағы Мәдениет үйі күннен күнге тозып барады. Архитектуралық жобасы ерекше нысанды кезінде екі мәрте Социалистік Еңбек ері Никита Головацкийдің өзі салдыртқан екен. 30 жылға жуық тарихы бар ғимараттың төбесінен қазір су өтіп, сылағы түсіп жатыр. Күрделі жөндеуден өткізбесе мәдени ошағымыздан айырылып қаламыз дейді тұрғындар.
Мәдениет үйі тозып барады
Дата: 07.02.2020