2:05 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
2:30 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

МҮГЕДЕКТЕРДІ КОМИССИЯ САУ ДЕП ТАУЫП, ЖӘРДЕМАҚЫДАН АЙЫРҒАН

Алматы облысының бір топ тұрғыны әлеуметтік статустарынан айырылғандарын айтып шағымданды. Араларында 10 жылдан бері 2-ші топ мүгедегі саналып келген азамат та бар. Өткен жылы оны «ауыруынан құлан таза айығып кетті» деп, сау адамдар қатарына қосыпты. Бір жылдың ішінде 1500 кембағал жанды арнайы комиссия «сау» деп тапқан. Алайда мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысқа тұра алмауда. Медициналық сақтандыру болмағандықтан дәрігерлерге де қарала аламаймыз дейді. Ал бұған қатысты құзырлы органдардың өз уәжі бар.

X