Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік
18 июня 2021
Түркістан облысының Арыс қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы заманауи орталық ашылды. Бұған дейін тойхана болған ғимарат қазір қайта жасақталып, әлеуметтік орталыққа айналдырылған. Мұндағы негізгі мақсат — мүгедек жандарға медициналық ғана емес, сондай-ақ сауықтыру шараларымен олардың өмірлік белсенділіктерін арттыру көзделген.