10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Мәсімовтың мүлкі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовке қатысты тың ақпаратты хабарлады. Құзырлы орган экс-төрағаны халықаралық жемқорлыққа барды деп күдіктенуде. Қаңтарда ұсталған Мәсімовтің тергеу барысында жабық келісімшарт үшін шетел азаматтарынан 2 миллион АҚШ доллары көлемінде пара алғаны анықталған. Ал Үкіметті басқарғанда оған бизнесмен ел астанасында құны 2,5 миллиард теңге тұратын элиталық тұрғын үй мен жер телімін сыйлаған. Бұдан бөлек, экс-шенеуніктің зәулім баспанасын тінту кезінде шабадандарға салынған 17 миллион доллар, элиталық сағаттар, алтын кесектері мен 11 қымбат автокөлік те тәркіленген. Бұл аз десеңіз, Кәрім Мәсімов Нұр-Сұлтан мен Алматыда төрт элиткалық пәтер мен дербес сарайға, Щучье-Бурабай шипажайында аумағы 1 га жер теліміне иелік еткен. Қаңтарда «мемлекетке опасыздық жасады» деп күдікке ілінген Кәрім Мәсімовтың шетелдегі ақшасы мен есепшоттары да іздестіріліп, қыруар қаржыны Қазақстанға қайтару жұмыстар жүріп жатыр.

X