6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Мәслихат депутатының 15 жасар қызбен төсектес болғаны рас па?

Депутаттың басы дауға қалды! Ақтөбеде «танымал кәсіпкер кәмелеттік жасқа толмаған қызбен төсектес болыпты» деген ақпарат тараған еді. Әлеуметтік желіде желдей ескен әңгімеге құзырлы органдар мен қамауға алынған кәсіпкердің әріптестері қандай жауап берді? Ал оқушының жағдайы қалай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Құзырлы органдар 15 жастағы қызбен қатынасқа түскен атышулы кәсіпкердің кім екенін, оған қандай айып тағылғанын ашып айтпаса да гу-гу әңгіме әлеуметтік желіде басылмай тұр. Тіпті, ақпарат құралдары күдіктінің аты-жөні, оған қылмыстық кодекстің «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау» бабы бойынша айып тағылып отырғанын да жарыса жазуда.

ЕРБОЛАТ САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ЖЕТЕКШІСІ: «Ақтөбе қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Қазіргі таңда күдікті ҚР қылмыстық-процесуалдық кодексіне сәйкес, қамауға алынды. Басқа ақпарат ҚР 201 бабына сәйкес, қылмыстық-процесуалдық кодекстің, жариялауға тиым салынады».

Дегенмен, бүгін мәслихат депутаты Аркадий Нидің заңға қайшы әрекеттерін партияластары да сынға алды. Облыстық филиалдағылар оны партия қатарынан шығарғанын ресми мәлімдеді.

БАҒЖАН ТІЛЕГЕНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Аркадий Ни заңға қайшы іс-әрекет жасады деген күдікпен ұсталу фактісі бойынша филиалдың партиялық бақылау комиссиясының отырысында қаралып, саяси кеңес бюросына партиядан шығару туралы ұсыныс түсірілді. Саяси кеңес бюросының қаулысымен Аркадий Ни қазіргі партия қатарынан шығарылды.»

59 жастағы кәсіпкер өңірдегі ірі кәсіпорынның басшысы. Облыстық мәслихаттың депутаты. Тілшілердің әріптесі туралы қойған сауалын мәслихаттағылар жауапсыз қалдырлды

Күдіктіден зәбір көрген оқушыны қорғаншылық бөліміндегілер қауіпсіз жерге орналастырыпты. Жағдайы бірқалыпты. Оны полицейлер қорғауына алған.

РАЙХАН НҰРҒОЖАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Баламен қазір психологтар жұмыс істеп жатыр. Арнайы мекемеге орнатылды. Ол баланың қасында қазір тәрбие жөніндегі орынбасарлар бар, ішкі істер органдарынан қызметкер бар. Қазір қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оны жария ету заң бойынша тиым салынған.»

Қазір 15 жастағы қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр екен. Білім басқармасындағылар оқушының толық емес отбасынан екенін айтты. Оның өзге де бауыр-қарындастары бар, дейді.

Болған жайтты полицияға кім хабарлағынын құзырлы органдар айтпады. Оқушы қыздың анасы жауапқа тартыла ма, жоқ па деген сауал да ашық күйінде қалып отыр. Қорғаншылық бөліміндегілер оның барлығы тергеу жұмыстары аяқталған соң ғана белгілі болады, дейді.

X