МӘЙІТТІ КӨЛІККЕ САЛЫП ӨРТЕГЕН
2 апреля 2025
Алматы облысында серіктесін өлтіріп, көлігімен қоса өртеп жіберген күдікті ұсталды. 43 жастағы азамат өз қылмысын толық мойындапты. Тек полицейлер қаскөй не үшін өлтіргенін тергеу құпиясы деп айтпай отыр. Денесі күлге айналған марқұм 56 жаста екен. Қайғыдан қан жұтқан туыстары әзірге журналистермен тілдесуге дайын емес. Тек, жетісін өткізіп, мән-жайды ашық айтамыз дейді.