Атырауда мемлекеттік маңызы бар нысанды күзететін бір топ жұмысшы наразылық білдірді. Олар, өздерінің орнына таңдалып алынған компанияға ашулы. Себебі, құрылғанына бес ай болған күзет фирмасының жұмысшыларында стратегиялық ғимараттарды күзету үшін арнайы техникасы да, қару-жарағы да жоқ екен. Сол себепті, 2 мың шақырым құбырды жалаң қолмен қарауылдамақ. Ал, осы жерде бірнеше жылдан бері еңбек етіп жүрген бұрынғы фирманың тәжірибелі күзетшілері жұмыссыз қаламыз ба деп алаңдап отыр.
Маңызды нысанды күзететіндердің наразылығы
Дата: 30.01.2020