Мал арасын белгісіз індет жайлады

Ақтөбе облысының тұрғындары тағы дүрлікті. Бестамақ ауылында қазан айының соңынан бері мал арасында белгісіз індет таралып, ірі қараның аузынан ақ көбік ақса, ұсақ мал аяқтан кетіп жатыр. «Қолдағы төрт түлік жаппай қырылып қала ма» деп үрейленген кейбір тұрғын малын сойып алуда. Ауыл халқының үрейін алған бұл не індет? Шенділер неге карантин жариялауға асықпайды? Мұның мән-жайын Алға ауданына барып келген тілшіміздің келесі материалынан таныса аласыздар.

X