Медициналық қауіпті қалдықтар тұрғын үйлердің ауласына тасталады! Осындай сорақылыққа куә болған тұрғындардың бірі ол жайтты фотоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жариялап жіберді. Куәгердің айтуынша, еліміздегі коронавирусқа сынама қабылдайтын ірі лабораторияның қызметкерлері зиянды қоқыстарды тұрмыстық қалдықтармен бірге төккен. Мүмкін емес деп зерттеу жүргіздік. Сонда анықтағанымыз ол қалдықтарды өңдейтін, залалсыздандыратын мекеме карантинге жабылып жатыр екен. Бұл нені білдіреді? Инесі бар, дәрісі бар, психотропты препараттармен араласып, ағзаға зиян медициналық қоқыстың да көшеде шашылып жататын күні жақындап қалды ма?
Медициналық қауіпті қалдықтар қайда төгіліп жатыр?
Дата: 24.07.2020