Мектеп директоры кетсін!
1 сентября 2021
Түркістан облысы Ордабасы ауданның тұрғындары ауылдағы мектеп директорының жылы креслосынан кетуін талап етіп, шу шығарды. Бұл жағдайға биыл 2 маусым күні 9-шы сыныпты бітірген қыздың өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмғаны себеп болып отыр. Ал қайғылы жағдайға ауыл тұрғындары мектеп директорын кінәлауда. Яғни, білім беру мекемесі басшылығының тарапынан өрімдей қызға емтихан кезінде қысым көрсетілген дейді. Сондықтан оның бұл қызметті атқаруға моральдік қақы жоқ деп есептейді. Бұған қатысты жауапты орган басшылары не дейді? Толығырақ тілші тарқатады.